Simfonia – осы қызметтің көмегімен Сіз қоңырауға жауап күтудің әдепкі гуілін кіріс қоңыраулары кезінде танымал хиттар мен көңілді әзілге ауыстыра аласыз.
Өз Simfoniaм – осы қызметтің көмегімен Сіз қоңырауға жауап күтудің әдепкі гуілін өз мобильді телефоныңыздан шығыс қоңыраулары кезінде танымал хиттар мен көңілді әзілге ауыстыра аласыз.
Әуендерді алдын ала тыңдау www.simfonia.kz WEB-порталында және 2010 нөмірі бойынша дыбыстық мәзірінде қолжетімді.
2010 нөмірі бойынша қоңырау шалу тегін.
Күннің Simfoniaсы
Күн Simfonia жазылу арқылы сіз күн сайын таңдалған жанрдың жаңа әуенін естисіз. Әуендер автоматты түрде өзгереді. Ай сайын әуендерді таңдау жаңартылады.
Өз әуені
"Өз әуеніңіз" опциясы компьютерден кез-келген дыбыстық файлды дыбыстық сигнал ретінде орнатуға мүмкіндік береді. Бұл опцияны пайдалану үшін алдымен Simfonia немесе Өзіндік Simfonia қызметін қосу керек. Содан кейін дыбыстық файлды дайындаңыз және жүйенің нұсқауларын пайдаланып, оны компьютерден жүктеңіз
Опция www.simfonia.kz WEB-порталында қол жетімді
Қызмет қосылған кезде Сіздің нөміріңізге паролі бар SMS келеді. Егер Сіз парольді ұмытып қалсаңыз, онда 2010 нөміріне PASS мәтіні бар SMS жіберіңіз. Жауап ретінде Сізге пароль келеді. Оны жүйеге кіру үшін пайдаланыңыз.
Маңызды! ҚР заңнамасына сәйкес пароль алу үшін қысқа хабарлама жіберу қызметті іске қосу туралы жазбаша өтінішпен теңестіріледі.
Қызметті Kcell мен activ-тің кез келген абоненті қолдана алады.
Simfonia қызметін келесі тәсілдердің бірі арқылы қосуға болады:
Өзіндік Simfonia қызметін келесі тәсілдердің бірімен қосуға болады:
Simfonia немесе Өзіндік Simfonia қызметін қосқан кезде сіз www.simfonia.kz WEB-порталына кіруге арналған паролі бар SMS-хабарлама аласыз (бұл бағдарламаға кіруге арналған пароль)
Кез келген қызметті қосқан кезде, жеке кабинетке Kcell Music тегін әуені қосылады және ойнатылады.
Simfonia қызметін келесі тәсілдердің бірімен өшіруге болады:
Өзіндік Simfonia қызметін келесі тәсілдердің бірімен өшіруге болады:
Сіз кез-келген жанрдағы күннің симфониясын портал немесе қосымша арқылы сатып алған кезде күннің Simfonia опциясын қосуға болады.
Күн Simfoniaсы опциясын www.simfonia.kz порталындағы жеке кабинеттен немесе қосымшадағы күннің барлық симфонияларын алып тастау арқылы өшіруге болады.
Күн Simfoniaсы опциясын қосқан және өшірген кезде сіз SMS-хабарлама аласыз;
Қызметті басқаруға арналған парольді немесе қызметті ұсыну шеңберіндегі ақпараттық хабарламаларды көрсетуге арналған кіріс SMS-хабарламаларды қоспағанда, сіздің ұялы телефоныңызда Simfonia қызметіне қатысты ешқандай деректер сақталмайды. Барлық ақпарат жүйеде сақталады.
Қызметті пайдалану және әуенге жазылу үшін төлем Сіздің мобильді телефоныңыздың балансынан шегеріледі.
10 теңге мөлшеріндегі абоненттік төлем баланс жеткілікті болғанда күн сайын Астана уақытымен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейінгі аралықта абоненттің дербес шотынан шегеріледі. Егер абоненттік төлем баланста жеткілікті қаражаттың болмауы себебінен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін шегерілмесе, онда осы тәулік ішінде балансқа жеткілікті сома құйылған кезде, абоненттік төлем толық мөлшерде есептен шегеріледі. Абоненттік төлем қатарынан 60 күн бойы есептен шегерілмеген жағдайда, Simfonia/Өз Simfoniaм қызметі өшіріледі.
Әуендер мен пакеттер баға санатына байланысты тарифтеледі.
Абонент балансында 60 күн бойы әуен үшін есептен шығаруға жеткілікті сома болмаған жағдайда, әуен абоненттің профилінен автоматты түрде жойылады. 60 күн ішінде баланс жеткілікті сомаға толтырылғанда әуенге жазылу келесі жазылу мерзіміне жазылу құнын есептен шығару күнінен бастап ұзартылады.
Күннің Simfoniaсы опциясына ұқсас түрде баға белгіленеді, бірақ оның құны тәулігіне 7 теңге.
10 теңге мөлшеріндегі абоненттік төлем абоненттің дербес шотынан күн сайын тең үлесте шегеріледі. Уақытында төлеу қызметті пайдаланудың міндетті шарты болып табылады. Баланста қызмет көрсету үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған кезде, аванстық тәртіпте есеп-айырысатын абоненттер үшін немесе кредиттік тәртіпте есеп-айырысатын абоненттер үшін кредит лимитінен асып кеткенде шығатын байланыс қызметіне, оның ішінде Simfonia/Өз Simfoniaм қызметіне қолжеткізу бұғатталады. Шығатын байланыс бұғатталғаннан кейін 7 күннен бастап 60 күнге дейінгі аралықта төлем болмағанда кіретін байланыс қызметіне, оның ішінде Simfonia/Өз Simfoniaм қызметіне қолжеткізу бұғатталады.Абоненттік төлем құны және қосымша әуендерге жазылу құны кіретін байланыс бұғатталғанға дейін алынады.
Әуендер мен пакеттер баға санатына байланысты тарифтеледі.
Абонент балансында 60 күн бойы әуен үшін есептен шығаруға жеткілікті сома болмаған жағдайда, әуен абоненттің профилінен автоматты түрде жойылады. 60 күн ішінде баланс жеткілікті сомаға толтырылғанда әуенге жазылу келесі жазылу мерзіміне жазылу құнын есептен шығару күнінен бастап ұзартылады.
Күннің Simfoniaсы опциясына ұқсас түрде баға белгіленеді, бірақ оның құны тәулігіне 7 теңге.