Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарын орындау үшін осымен «Кселл» АҚ-ға БСН 980540002879 (бұдан әрі - Компания), сондай-ақ Компаниямен азаматтық-құқықтық қатынастары бар ұйымдарға электрондық, қағаз және кез келген өзге де жеткізгіште Компанияның www.activ.kz, www.kcell.kz, сайттарында, мобильді қосымшалары (және тек қана емес) арқылы немесе менің жеке өзімнің қатысуыммен тіркелген дербес деректерімді (бұдан әрі - Дербес деректер) жинауға, өңдеуге (оның ішінде болашақта оларда болатын өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға) өзімнің сөзсіз, нақты, ақпараттандырылған және саналы келісімімді беремін және осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүдделеріммен әрекет ететінімді растаймын.
Осы келісімде ұйым деп қосымша қызмет көрсететін провайдер компаниясы (бұдан әрі - Провайдерлер) «INTECH VAS» (ИНТЕК ВАС) ЖШС (БСН: 111240018163);
Осы келісім Дербес деректерге қатысты мынадай мәліметтерге қолданылады:
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім мынадай мақсаттар үшін беріледі (қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей):
Осы келісіммен Компанияға, Провайдерге жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін қажетті, соның ішінде (шектеусіз) жеке деректеріме қатысты автоматтандыру құралдарын, ақпараттық жүйелерді, интернет ресурстарын, әртүрлі қызметтерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды қоса алғанда, әрекеттерді жасауға, оның ішінде (шектелместен): кез келген Дербес деректерді жазуға, көшіруге, резервтік көшірме жасауға, қорғауға, скринингтеуге, жинауға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), іздеуге, заңды/ресми дереккөздерге/дереккөздерден беруге/қабылдауға (таратуға, қол жеткізу мүмкіндігін беруге), иесіздендіруге, жоюға, растауға және тексеруге, оның ішінде бар Дербес деректерге кез келген сәйкессіздіктерді/өзгертулер мен толықтыруларды анықтауға, Дербес деректерді пайдалануға, таратуға, бұғаттауға, жоюға, Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге, шетел мемлекеттердің аумағында дербес деректерді қорғауға қоятын талаптарына сәйкес шетел мемлекеттердің аумағында трансшекаралық беруге (абонент туралы ресми ақпаратты қоспағанда), сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, менің Жеке деректеріммен кез келген басқа әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат беремін. Абонент туралы қызметтік ақпаратты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге беруге жол берілмейді.
Мен осы Келісімді қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келетін не Компания және/немесе Провайдер алдында орындалмаған міндеттемелер болған жағдайларды қоспағанда, кез келген уақытта кері қайтарып алу құқығы туралы хабардармын. Кері қайтарып алған сәттен бастап Компания осы Келісімнің мақсаттарына сәйкес өзім ұсынған дербес деректерді жинау және одан әрі өңдеу жөніндегі барлық іс-әрекеттерді тоқтатуға міндеттенеді.
Дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу сәтімен айқындалады.
Мен Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты Компанияның Саясатымен танысқанымды және келісетінімді растаймын және жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компанияға және жоғарыда көрсетілген үшінші тұлғаларға өзім хабарлаған абоненттік нөмір және өзге де мәліметтер сияқты өзім берген деректердің дұрыстығын растаймын.
Осымен мен Компаниямен және үшінші тұлғалармен осы келісімнің нысанын мәміленің жазбаша нысанына, оның ішінде электрондық хабарламалармен алмасу жолымен жасалған мәмілеге теңестіруге (өзіме тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша SMS алмасуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелместен) келістім. Осы келісім Компанияның дерекқорында тіркелген сәттен бастап туындаған менің және Компанияның, менің және үшінші тұлғалардың арасындағы қатынастарға жарамды және қолданылады.